Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығы
Осы редакция 28.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-4) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдардың топтары бекітілсін.