Близость слов: Окончание:





«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 385 Қаулысы
Редакция 03.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 49% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 22 маусымдағы № 385
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 231 Қаулысымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 03.05.2022 жылдан бастап)
2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)»деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)».
3. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында:
2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 89-жол мынадай редакцияда жазылсын:

89

Халықаралық деңгейдегі мамандарды тарта отырып инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету жөнінде ұсынымдар әзiрлеу бойынша қызметтер

Табысты мемлекеттік реформаларды іске асыруда практикалық тәжірибесі бар халықаралық компанияны тарту арқылы инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету

жөнінде ұсынымдар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы ның Инвестиция

лар және даму министрлігі

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ

204 «Инвестиция

ларды тарту үшін жағдайлар жасау»

100 «Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартуға

жәрдемдесу»

339 556

Полная версия
ИС BestProfi