«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысы
Осы редакция 14.07.2017 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2011 № 647, 21.06.2011 № 684, 07.07.2011 № 777, 01.08.2011. № 887 ҚР Үкіметінің 06.10.2011 № 1141, 06.03.2012 № 292, 04.12.2012 № 1539, 15.01.2013 № 15 Қаулыларымен. (06.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Ұлттық басқарушы холдингтер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
Бөлім 3-жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.05.2013 жылғы № 516 Қаулысына сәйкес
Ұлттық холдингтер
3. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
4. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1330 Қаулысымен (21.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-жол алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 336 қаулысымен (15.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық компаниялар
6. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
7. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.
8. «Қазпошта» акционерлік қоғамы.
Полная версия

