Близость слов: Окончание:





Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысы
Редакция 29.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.05.2019 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.01.2024 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi