Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 150 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 862 қаулысы.
2. «Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысы.
3. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 587 қаулысы.
5. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 746 қаулысы.
6. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 662 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi