Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2015 жылғы № 1267 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы » 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы » 1996 жылғы 15 шілдедегі, «Автомобиль жолдары туралы » 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 761 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (10.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі N 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
N 845 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (10.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.01.2003 жылғы № 30 Қаулысымен (01.07.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2003 жылғы № 30 Қаулысымен (01.07.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 761 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 761 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.12.2012 жылғы № 1607 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) паспорт – сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
2) техникалық шарт – автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 761 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (10.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
Полная версия
ИС BestProfi