Близость слов: Окончание:





Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы
Редакция 12.02.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысымен
бекітілген
1. Осы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2014 жылғы № 54 Қаулысымен (28.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2016 жылғы № 757 Қаулысымен (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.06.2017 жылғы № 364 Қаулысымен (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.05.2018 жылғы № 285 Қаулысымен (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.02.2020 жылғы №30 Қаулысына сәйкес (23.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
2) уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
4) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын) мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;
Полная версия
ИС BestProfi