Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6558 болып енгізілді
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
«5-тарау. Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
12. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) қаулысына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен ақы төлеуді жүзеге асырады.
13. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
14. Қор кепілдік төлемдерін Заңның 15-бабында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 тіркелген) қаулысында белгіленген тәртіпте және талаптар бойынша жүзеге асырады.»;
27-тармақтың 2) тармақшасында «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
«1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;»;
8-1) тармақшадағы «сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздер «бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қорды кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылуы туралы хабардар етуге;»;
33. Қатысу шарты өтініш берушіге кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілген күннен бастап күшіне енеді.
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы негіздерде;
2) сақтандыру ұйымы – қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
35. Кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы – қатысушының осы шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.».
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 387 қаулысымен (03.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Агенттік Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы және 1-тармағындағы «және өтемақы» деген сөздер алып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
атауындағы «және өтемақы» деген сөздер алып тасталсын;
«Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесі Қордың Қор қатысушысы – мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредитор – мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы), сондай-ақ жәбiрленушiге (зиянның өтеміне құқығы бар адамға) келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге тұлға;»;
«2003 жылғы 3 маусымдағы Заңында» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі – Заң)» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
2-тармақта "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының» деген сөздер «Заңның» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацта «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының» деген сөздер «Заңның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сақтандыру ұйымына сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан айырылғаннан кейін» деген сөздер «қатысушы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін табыстау күніне дейінгі кезеңде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамалық актілермен» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте «оларды алу үшін» деген сөздер алып тасталсын;
«3-тармағында» деген сөздер «3-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемнің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
«2-тармағының» деген сөз бен цифр «3-тармағының» деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
«заңнамалық актілерде» деген сөздер «заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «туралы заңнамалық актілерде» деген сөздер «түрлері туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта «міндетті», «тізілімі мен өтемақы төлемінің» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтағы «көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасынан (бұдан әрі - деректер базасы)» деген сөздер «деректер базасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын»;
13-тармақтың екінші бөлігінде «шығыстар мөлшерін көрсете отырып» деген сөздер алып тасталсын;
«байланысты шығыстарын Қормен» деген сөздер «байланысты шығыстарды және бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын Қордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта «туралы заңнамалық актілерінде» деген сөздер «түрлері туралы заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«15. Қор кепілдік төлемін Заңда, міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, сақтандыру шартында және осы Ережеде белгіленген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде жүзеге асырады.
Қор кепілдік төлемін жүзеге асыруы үшін кредитор осы Ережеде көзделген құжаттардан басқа жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктік деректемелері (бар болған кезде) туралы деректерді ұсынады.»;
«қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап» деген сөздер «қатысушы сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін табыстау күніне дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туралы заңнамалық актілерінде» деген сөздер «түрлері туралы заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «алты» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «істері;» деген сөз «бар салыстырып тексеру актісіне қол қояды.» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақта «және (немесе) өтемақы», «және өтемақы» деген сөздер алып тасталсын.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi