Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 22 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6158 болып енгізілді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 24 қарашадағы № 329 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
барлық мәтін бойынша «Сақтандыру ұйымдары», «сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымында», «Сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымының», «сақтандыру ұйымдары» деген сөздер тиісінше «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында», «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтағы «, оның ішінде өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
кіріспедегі «, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы «(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 150 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде)» деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың 5) тармақшасындағы «(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 100 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі)» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымынан басқа» деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың 3) тармақшасы «егер мұндай өтеу» деген сөздерден кейін «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi