Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2010
Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 02.03.2010 № 157 Қаулысымен (11.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Редакция 11.09.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді: Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
кіріспе өзгертілді, бүкiл мәтiн бойынша ", бiлiм және спорт" деген сөздер алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.01.2006. № 16 қаулысымен. (29.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 
Клиникалық базалар мемлекеттiк жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарына жалдау ақысын алмай-ақ және коммуналдық төлемдер өтелмей беріледi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2003. № 385, 06.01.2006. № 16 қаулыларымен. (28.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен: 
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша клиникалық базалар туралы ереженi; 
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша, 2006/2007 оқу жылынан бастап "стоматология" және "шығыс медицинасы интернатура ашсын; 
көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiктiлiктiң тiзбесiн айқындасын; 
республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.01.2006. № 16 қаулысымен. (29.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетілдірудің шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 тамыздағы N 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 482-құжат) 11-тармағының екінші абзацының күші жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 1999 жылғы 28 қыркүйектегі
 N 1469 қаулысымен
 бекiтiлген
Жоғары медициналық білiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесi
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 23.04.2003 № 385; өзгертілді - 29.09.2003 № 989
 06 (28.09.1999 жылғы редакцияны қараңыз).01.2006 № 16; 13.06.2006 № 543; 26.07.2006 № 708; 19.02.2009 № 188; 08.07.2009 № 1037, 11.09.2009. № 1352 Қаулыларымен.(бұл өзгеріс 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базалары:
Алматы көп бейiндi клиникалық ауруханасы 
Полная версия
ИС BestProfi