Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1247
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1579 Қаулысымен (01.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1110 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына және 6-бабына және «Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы» 2013 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.07.2010 № 681 (30.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1579 Қаулысымен (01.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1579 Қаулысымен (01.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.  
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы
№ 1247 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері
Ережелер жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.12.2001. № 1683 Қаулысымен
Ережелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2010 № 681 Қаулысымен (26.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Ережелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2005. № 978 қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) 
Ережелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1579 Қаулысымен (01.07.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1. Осы Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар), адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, есепке алу, қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеу тәртібін, сондай-ақ оның еңбек ақысының мөлшерін белгілейді.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құқықтық консультация беру – заң көмегiн алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде арыздарды, шағымдарды, өтiнiшхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесiне қатысты ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетiлетiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң түрi;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегі – заң көмегiн алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен тегiн негiзде көрсетiлетiн заң көмегi.
3) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен жеке тұлғалардың мүдделерiн соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда қорғау және бiлдiру түрiнде көрсетiледi.
2. Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу, оны есепке алу, консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері
Полная версия
ИС BestProfi