Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында бұйырамын :
Внимание! Документ утратил силу с 21.06.2015
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 наурызда № 9215 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.05.2015 жылғы № 318 Бұйрығына сәйкес
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына (№ 7549 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырда № 210-215 (27289) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білудің, сондай-ақ пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткердің сауалнамасының үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 6-қосымшаға сәйкес тілдік курстар ұзақтығының кестесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес маман даярлауға жұмыс беруші тапсырысының нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Төлеков):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Полная версия