Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынң білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 шілдеде № 9594 тіркелді
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі  
 А.Б. Сәрінжіпов 2014 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2014 жылғы 14 маусымдағы
 № 331 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) жүйесінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім, сондай ақ арнайы бастапқы оқыту ІІО-ның мынадай білім беру ұйымдарында:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) институттарында - жоғары және қосымша білім, сондай-ақ ІІО-ға қызметке үміткерлердің арнайы бастапқы оқуы;
2) ІІМ академияларында - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім, сондай ақ ІІО-ға қызметке үміткерлердің арнайы бастапқы оқуы;
3) ІІМ және облыстардың ішкі істер департаменттерінің оқу орталықтарында (бұдан әрі - Оқу орталықтары) - ІІО-ға қызметке үміткерлердің арнайы бастапқы оқуы, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау меңгеріледі.  
3. Институттардың, академиялардың (бұдан әрі - ЖОО-лар), Оқу орталықтарының негізгі міндеттері - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО үшін білікті кадрлар даярлау.
4. ЖОО-лар және Оқу орталықтары өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы», 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы», 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына, Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) және Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген ЖОО-лардың, Оқу орталықтарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. ЖОО-лар және Оқу орталықтары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмылдыру даярлығының, азаматтық қорғаныстың деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, құпиялылық режимін сақтау, сондай-ақ жауынгерлік-қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру және жеке құрамның дене шынықтыру даярлығын жетілдіру жөніндегі қажетті іс-шаралар өткізеді және қамтамасыз етеді.  
Полная версия
ИС BestProfi