Близость слов: Окончание:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13961 болып тіркелді
Редакция 22.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсаинов
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат және коммуникациялар министрі 
________________ Д. Абаев 
2016 жылғы 21 маусым
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 міндетін атқарушының
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген, 2015 жылы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
«2) «электрондық үкімет» веб-порталына: www.egov.kz:
қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері - құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);
еңбек кітапшасының көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);»;
«11. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша жергілікті уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуге жіберілген өтініш берушілердің тестілеу кестесін жасайды, бұл ретте құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жергілікті уәкілетті органға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.».
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12322 болып тіркелген, 2015 жылы 8 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі: көрсетілетін қызметті алушының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес мамандандырулар бойынша аттестатталған сарапшылардың бестен аз болуы; сараптама ұйымының штатында тұрған сарапшының қызметті жүзеге асыруы болып табылады.». 
4. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарында:
«10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларда және рұқсат беру талаптарында:
«9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде бір мезгілде өтініш берушілерге аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бере отырып, аккредиттеу не көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлайды.».
7. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9994 болып тіркелген, 2014 жылы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін:
2 және 3 тармақ осы бұйрықтың 6–қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және
 құрылыс қызметі саласында
 сараптамалық жұмыстар
 мен инжинирингтiк
 көрсетілетін қызметтерді жүзеге
 асыратын сарапшыларды
 аттестаттау қағидаларына
 2-қосымша
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы] [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы]
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері] [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері]
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында
 сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін
 қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы
 [Қол қоюшының лауазымы]        [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 ЗРК от 7 января 2003 года"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 3-қосымша
Жобалау және құрылыс салу
 процесіне қатысушы
 инженер-техник
 жұмыскерлерді
 аттестаттау қағидалары мен
 рұқсат беру талаптарына
 1-қосымша
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жобалау/құрылыс ұйымының штатында (қажеттісінің астын сызу)
 ___________________________________________________ мамандану бойынша
 (Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
аттестатталған инженер-техник жұмыскер мәртебесі берілгені
Аттестаттау ұйымының басшысы ________ ___________________________
 Астана қаласы (мысал )        20__ ж. «____» _____________
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 4-қосымша
Жобалау және құрылыс салу
 процесіне қатысушы
 инженер-техник
 жұмыскерлерді
 аттестаттау қағидалары мен
 рұқсат беру талаптарына
 2-қосымша
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша рұқсат беру талаптары
Р/с № Аттестаттау мамандығы Рұқсат беру талаптары
Білімі Жұмыс тәжірибесі
Жобалау қызметі
1. Жобаның бас инженері Жоғары, құрылыс саласында Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл
2. Жобаның бас сәулетшісі Жоғары, сәулет саласында Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл
3. Бас конструктор:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл
4. Жетекші инженер жобалаушы:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты
Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл
Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
5. Бас инженер Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл
6. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл
7. Учаскенің бастығы:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты
Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл
8. Жұмыс жүргізуші:

9. Мастер:

Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл
Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 5-қосымша
Жобалау және құрылыс салу
 процесіне қатысушы
 инженер-техник
 жұмыскерлерді
 аттестаттау қағидалары мен
 рұқсат беру талаптарына
 4-қосымша
Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімі
Р/с № Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайды) ЖСН Біліктілік аттестаты берілген күн және нөмірі Жұмыс орны Аттестациялық орта
           
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 17 маусымдағы
 № 267 бұйрығына
 6-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Жобалау қызметі  
2.1 жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі, аға конструтор, жобалаушы жетекші инженер.
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2.2 жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструктор, жобалаушы жетекші инженер. осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшір  
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
2.3 жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі,
аға конструктор,
жобалаушы жетекші инженер.
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi.
Жұмыс тәжiрибесi лицензияны алған күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдiк тұлғалар үшiн жұмыс тәжiрибесi ретінде жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асыруға тең келетiн рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжiрибесi.
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі
 
5) құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстары
3.1 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы:
жобаның бас инженері,өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы, жұмыс жүргізуші,
мастер.
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған.
Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, сондай-ақ әкімшілік, техникалық және өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын бұзбаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3.2 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші,
мастер.
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі  
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
3.3 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші, мастер.
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі
 
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
Полная версия
ИС BestProfi