«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 26-бабы 2-тармағына, сондай-ақ «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2016
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1034 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 01.06.2016 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрықта:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі Ережесі, осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрықта:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы Ережесі, осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
мына мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.С. Ошақбаев Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Р.С. Ошақбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрдің міндетін атқарушы A. Pay
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1034 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Полная версия