Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылдың 21 қарашадағы № 717 қаулысы  
Редакция 30.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы № 717
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.»;
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;»;
«3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;»;
«Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:
сот орындаушыларынан – «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;
мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;
мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (07.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 537-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларында:
«2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау органдарының, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдарынан қалыптастырылады.».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес (21.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы № 717
қаулысына 1-қосымша
Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі
 20__ ж. «___» _______________ ________________________ (жасалған күнi) (акт жасалған жер)
 Мына құрамдағы комиссия: Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН) __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Сот орындаушысы __________________________________________________________________________________ (әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өкiлi __________________________________________________________________________________ (Мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН __________________________________________________________________________________ (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өкiлi_____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (мүлiк жауапты уақытша сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН) __________________________________________________________________________________ (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Өкiлi_____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН) __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi) __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________________________________________ мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидасының негiзiнде __________________________________________________________________________________ (мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН) сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар) __________________________________________________________________________________ (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) немесе иесіз деп танылған __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН) немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН) мүлікті, оның iшiнде __________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсімімен орналастырылған, немесе __________________________________________________________________________________ (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ __________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН) құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығының туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзінде аталған мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді __________________________________________________________________________________

Р/c №

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны


 


 


 


 

 _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ Бюджетке аударуға жататын жиыны _________________________________________________________________________________ Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi: _________________ ____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________ ____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________________________________________________________ (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ______ ж. «___» _________ Иесiнiң қолы _____________________ Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауыстырылуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. ______ ж. «___» _________ _____________(қолы) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
* Бұл баған егер мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы № 717
қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-415-құжаттар).
2. «Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi