Близость слов: Окончание:





Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 446 Қаулысына сәйкес (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2015 жылы № 123 (28601) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 29.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Нотариат туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.08.2011 № 936 Қаулысымен (30.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2014 жылғы № 581 Қаулысымен (05.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 446 Қаулысына сәйкес (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2015 жылы № 123 (28601) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.06.2016 жылғы № 338 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2016 жылы № 116 (28844) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.06.2018 жылғы № 379 Қаулысына сәйкес (21.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 446 Қаулысына сәйкес (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2015 жылы № 123 (28601) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2002 № 1268, 21.04.2005 № 372, 31.12.2008 № 1329, 30 (26.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз).09.2010 № 1009 қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2014 жылғы № 581 Қаулысымен (05.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2014 жылғы № 581 Қаулысымен (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1009 Қаулысымен (30.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Қаулының 5-тармағынан қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 446 Қаулысына сәйкес (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2015 жылы № 123 (28601) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары – республикалық меншікке;
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.04.2005 жылғы № 372 Қаулысымен (10.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004 жылғы № 695 Қаулысымен (28.11.2002 ж. редакцияны қараңыз) 
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.08.2011 жылғы № 936 Қаулысына сәйкес (30.09.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2012 жылғы № 715 Қаулысымен (22.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1009 Қаулысымен (30.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін Қаулының 5-тармағынан қараңыз)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 446 Қаулысына сәйкес (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2015 жылы № 123 (28601) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 947 Қаулысына сәйкес (30.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);
Полная версия
ИС BestProfi