Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 350 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 қаулысында:
«1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.».
2. «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде:
«3. «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттар» деген бөлімде:
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
Полная версия
ИС BestProfi