Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 378 бұйрығына
12-қосымша
12-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 15.06.2017 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11222) «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік), немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің өтініштер мен құжаттарды тіркеу нөмірі мен күнін беріп қабылдауы мен тіркеуі және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беруі – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасын жауапты құрылымдық бөлімше етіп тағайындауы және өтініштер мен құжаттарды осы басқарма басшысына беруі, және жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны тағайындауы – 3 (үш) сағат ішінде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жібереді.
5) осы басқарманың жауапты орындаушысының құжаттар топтамасын осы басқарманың құзыретіне сәйкес қарастыруы және қорытындыны дайындауы – 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;
6) осы басқарма басшысының жауапты орындаушы жасаған қорытындыны бекітуі және құжаттарды қорытындымен бірге Талдау және инспекциялау басқармасының жауапты орындаушысына беруі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысының құжаттар топтамасын осы басқарманың құзыретіне сәйкес қарастыруы және қорытынды дайындауы – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы басшысының осы басқарманың жауапты орындаушысы жасаған қорытындыны бекітуі және құжаттарды қорытындымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындау үшін жауапты орындаушыға беруі – 1 (бір) жұмыс күні;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешім дайындауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған қорытындылардың біреуінде ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі туралы қорытынды болған жағдайда, жауапты орындаушының мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуын – хат жобасын дайындауы;
10) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешімді басқармалар басшыларының (бұрыштама қою арқылы) келісуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының бекітуі – 4 (төрт) сағат ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарары және құжаттардың Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына берілуі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасында жауапты орындаушының тағайындалуы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысының өтініштерді қарастыру нәтижелері бойынша қорытындысы;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы бекіткен қорытынды;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) басқармалар басшыларымен келісілген және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешім;
12) бас тартудың себептері көрсетілген Куәлік беруден бас тарту туралы хат, ұсынылған қорытындылардың біреуінде ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі туралы қорытынды болған жағдайда, немесе Куәлікті беру, барлық қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды болған жағдайда.
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініштер мен құжаттарды тіркеу нөмірі мен күнін беріп қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты етіп Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасын тағайындайды және өтініш пен құжаттарды осы басқарма басшысына береді, және жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны тағайындайды – 3 (үш) сағат ішінде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда жауапты орындаушы өтініштерді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар топтамасын Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасының басшысына береді;
5) осы басқарманың жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын осы басқарманың құзыретіне сәйкес қарастырады және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды дайындауды жүзеге асырады – 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;
6) осы басқарманың басшысы басқарманың жауапты орындаушысы жасаған қорытындыны бекітеді және құжаттарды қорытындымен бірге Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысына береді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын осы басқарманың құзыретіне сәйкес қарастырады және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды дайындауды жүзеге асырады – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) осы басқарманың жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешім дайындауды жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған қорытындылардың біреуінде ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі туралы қорытынды болған жағдайда Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту – хат жобасын дайындайды;
барлық қорытындыларда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды болған жағдайда, Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы Куәлікті беру туралы шешімді рәсімдейді;
10) басқармалардың басшылары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешімді (бұрыштама қою арқылы) келіседі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бекітеді – 4 (төрт) сағат ішінде;
9. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Ядролық, радиациялық, ядролық
физикалық қауіпсіздік сараптамасын
жүргізу құқығына
ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы