Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 16256 болып тіркелді
Осы Қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 275 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақшаның және орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
4-1) осы қаулыға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарының шеңберінде сақтанушылар активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
1-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 160 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.10.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) осы қаулыға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
1-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 160 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.10.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес кері репо, репо операциялары туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есептің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi