«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 16256 болып тіркелді
Осы Қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 275 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақшаның және орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
4-1) осы қаулыға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарының шеңберінде сақтанушылар активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
1-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 160 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.10.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) осы қаулыға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
1-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 160 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.10.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есептің нысаны;
Полная версия