Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.08.2025
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 39 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16584 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 2 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 17.07.2025 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
  _____________Д. Абаев
2018 жылғы 15 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
  _____________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 26 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
  _____________Е. Сағадиев
2018 жылғы 23 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
  _____________Е. Біртанов
2018 жылғы 8 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
  _____________Т. Дүйсенова
2018 жылғы 6 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
  _____________Ж. Қасымбек
2018 жылғы 16 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
  _____________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 22 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
  _____________А. Мұхамедиұлы
2018 жылғы 23 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
  _____________А. Шпекбаев
2018 жылғы 26 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басқарма төрағасы
  _____________Д. Ақышев
2018 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi
  _____________Қ. Қасымов
2018 жылғы 21 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
  _____________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 39
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, көрсеткіштердің нысанын, тізбесін әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін, оны әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерін айқындайды.
3. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
Полная версия
ИС BestProfi