Близость слов: Окончание:





2016 жылы қабылданған ҚР «Төрелік туралы» заңын саралау
Олжас ӘЛІМОВ,
Орталық Азия университеті құқықтық қамтамасыз ету және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы,
заң ғылымының магистрі
Мақалада халықаралық сауда қатынастарында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында туындаған дауларды шешу жолының бір құралы – халықаралық коммерциялық арбитраж көмегіне жүгіну жолы талданып, сараланған. Осыған орай халықаралық коммерциялық арбитражға деген сенім үшін 2016 жылдың 8 сәуірінде қабылданған ҚР «Төрелік туралы» заңы жанжақты талданады.
Кілт сөздер:  халықаралық экономикалық қатынас, төрелік сот, төрелік палаты, монополия, аралық сот, банкрот.
In this article, we have analyzed and analyzed the way in which international commercial arbitrage assistance is one of the ways to resolve disputes arising between business entities in international trade. In this regard, it is an analysis of the Law of the Republic of Kazakhstan «On Arbitration», adopted on April 8, 2016, for trust in international commercial arbitration. 
Сыртқы экономикалық қызметте, халықаралық экономикалық қатынастарда, сыртқы және халықаралық сауда қатынастарында шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасында туындаған дауларды шешудің бір құралы – ол төрелік сотының көмегіне жүгіну болып табылады. Халықаралық төрелік сотының шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы дауларды шешуші механизм әрі орган ретінде танимыз. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі де осы органның қызметіне байланысты болып отыр. Халықаралық төрелік сотының қызметі құқықтық тұрғыдан реттелгенімен, бұл саладағы шешімін таппай жатқан мәселелер де жеткілікті.
 Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, барлық тұлға заң және сот алдында тең, сонымен қатар өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқылы (13-14-баптар). Аталған құқықтар халықаралық актілерде де көрініс тапқанын атап өткен жөн.
Жаңа заңның қабылдануымен, жалпы төрелік ұғымы бұрынғы еліміздің төңірегінде қолданған аралық соттармен халықаралық төрелік сот ұғымын біріктірді.
Жаңа заңның ерекшелігі ол – Төрелік соттың істі қарау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың сотқа қатысу барысында, тараптардың бірінде шетел субъектісінің қатысуы міндетті еместігі.
Осы заңда, төрелік сотта қарастыруға болмайтын даулар санаты нақты анықталған. Олардың арасында келесі дауларды жатқызуға болады: кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын; мүліктік емес қатынастардан туындайтын; табиғи монополия субъектілері мен олардың тұтынушылары арасында; оңалту және банкроттық туралы; әрекетке қабілетсіз немесе жартылай әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар; мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен.
Жаңа заңның «Аралық соттар туралы» заңнан ерекшелігі, ол бір жағынан, Қазақстан Республикасы резиденттерінің қатысуға мүмкіндігі, ал екінші жағынан мемлекеттік органдармен кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен дауласуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл (республикалық меншікке қатысты) тиісті секторының уәкілетті орган келісімімен немесе (коммуналдық меншік бойынша) жергілікті атқарушы органның болуын талап етеді.
Бұл ережеде, бұрынғыдай, тараптардың бiрi резидент еместігін талап етпейді. Олардың қатысуымен болған дауларда уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның келісімі талап етілмейді.
Заңның басты жаңалығы ол ақылға қонымды уақыт iшiнде басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жiбере отырып, төрелік келісімнен бастап дауласушы тараптардың біржақты бас тарту мүмкіндігі болып табылады. Бұл жағдайда дауды талап қоюшы сот немесе басқа жолмен шешуге құқығы бар.
Жоғарыда аталған заңда төрелік сотпен шығарылған шешімдерін шағымдануға бірыңғай тәсілді енгізді, ол резиденттер мен шетелдік субъектілерге қатысты. Төрелiк соттың шешiмiн бұзуға мемлекеттiк соттар iстiң мәнi бойынша тексеруге жол берілмейді, ол тек қана заңдылық принципiн бұзған жағдайда жүргізіледі.
Төрелік шешімдердің бұзылуы немесе мәжбүрлі түрде бас тартуы, тек қана тараптардың жеткілікті дәлелдемелерді беріп, төрелікті жүргізу кезінде процессуалдық тәртібін бұзған кезде ғана жол беріледі. Ол нормалардың барлығы Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы»заңында, Азаматтық процестік кодексіндt, Қазақстан қосылған халықаралық конвенцияларда көрсетілген.
Жаңа заңның жаңалығы – жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешімді бұзудың нақты тәртібінің көрсетілуі, соның барлығы тұрақты база орнығуына және қайта қарауды болдырмау фактісін қалыптастыруға бағытталған. Бірыңғай заң қабылданғанға дейін, бұрын тек аралық соттарға ғана осындай қайта қарауға қатысты алаңдаушылықтар болған еді, ол тек қана Қазақстан Республикасының резиденттері арасындағы дауларға қатысты болды.
Арбитрлардың жас мөлшері мен біліктіліктеріне қатысты талаптар күшейген болатын, сондай-ақ, олардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз ететін талаптар да арта түскен.
Заңның тағы да бір ерекшелігі – тараптардың төрелік сотта қаралып отырған дауларды мадиация тәртібімен шешуге мүмкіндік бергені.
Төрешілердің және төреліктің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында елімізде мониторинг жүргізіліп, елдегі төрелікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында, заң Төрелік палатасын құру мен функцияларын арттыру ережелерін енгізді.
Оcы заң жоғарыда аталған өзгерістер жалпы мемлекеттік соттарға жүктелген жүктемелердің азаюуына және азаматтық істерді қарау мерзімін азайту сияқты артықшылықтармен ерекшеленіп отыр.
Тағы басқа да артықшылық тарды айта кететін болсақ, ол төрешілер таңдау құқығы және тараптардың нақты төрелік сотын таңдай алуы; бір инстанцияда қаралу кезінде даудың құпиялылығы мен түпкіліктілігі; материалдық шығындардың экономикалық тұрғысынан тиімділігі мен істі тез арада қарауы; iс жүргiзудiң оңайлатылған рәсiмi және оның орнын таңдау құқығы; төрелік шешімдерін мәжбүрлі түрде көптеген мемлекеттерде, мысалы, Қазақстан сияқты халықаралық арбитраждық конвенцияларға қатысушы болып табылатын мемлекеттерде отырдауы.
Сонымен қатар, мемлекеттік соттардың төрелік соттардың шығарған шешімдерін бұзуға жол бермеуі.
Заңда «арбитраж» ұғымы бір мәнді емес болғандықтан, бұл құқық қолдану практикасында қиындық тудыруы мүмкін. Заңның мазмұнына сәйкес, бұл тұжырымдама арбитраждық мекеме мен төрешілерді қоса алғанда, жалпы халықаралық сипатта болады, ал халықаралық тәжірибеде «төрелік» және «төрелік сот» терминдерін, жалғыз төреші немесе төрешілер алқасы деген бірдей мағынада пайдаланады.
Жалпы ойымды тұжырымдай келе айтатыным, ол 2016 жылдың 8 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» заңы бұрын қолданыста болған екі заңның басын біріктіріп, мемлекеттік соттың негіздемесіз төрелік шешімін бұзуға болмайтын нормаларды енгізгені, жалпы еліміздегі әр субъектінің құқығын қорғау мақсатында жасалған халықаралық стандартқа сәйкес келу жолындағы үлкен қадам екендігі анық. 
Полная версия
ИС BestProfi