Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 9-10, 58-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 шілдедегі
№ 423 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.01.2020 жылғы № 1 Қаулысымен (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ деген сөздер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ деген сөздермен ауыстырылады ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасы;

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына
Жолдауында берілген менеждменттің заманауи құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу қажеттігі туралы тапсырмасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
28-тармағы ;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы;

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына
Жолдауы .

Орындауға жауапты

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Іске асыруға жауаптылар

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері;

Басты мақсаты

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту.

Еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 2015 жылғы 1,2 млн. теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ өңделген өнім экспортын 2015 жылғы 945,1 млн. АҚШ долларынан 2021 жылы 2 400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту жолымен АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттер

1) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету;

3) Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

4) Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

5) Өткізу нарықтарының қолжетімділігін және экспортты дамытуды қамтамасыз ету;

6) Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілері құзыретінің деңгейін дамытуды қамтамасыз ету;

7) АӨК-дегі өндірісті техникалық жарақтау және қарқындату деңгейін арттыру;

8) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және АӨК-ге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;

9) Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайына қанағаттануы деңгейін арттыру.

Іске асыру мерзімі

2017 – 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2021 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу:  

1) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі индексі (2017 жылы – 112 %, 2018 жылы – 118 %, 2019 жылы – 196 %, 2020 жылы – 228 %, 2021 жылы – 267 %);  

2) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2017 жылы – 108 %, 2018 жылы – 113 %, 2019 жылы – 154,2 %, 2020 жылы – 170,5 %, 2021 жылы – 190,2 %);  

3) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 159 %, 2018 жылы – 185 %, 2019 жылы – 304 %, 2020 жылы – 395,3 %, 2021 жылы – 516 %);  

4) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 102 %, 2018 жылы – 122 %, 2019 жылы – 185,2 %, 2020 жылы – 204,5 %, 2021 жылы – 221,9 %);  

5) азық-түлік тауарлары импортының көлемі (2017 жылы – 2 466 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 2 377 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 2 288 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 2 196 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 105 млн. АҚШ доллары);  

6) өнеркәсіпте қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі: қайталама (2017 жылы – 0,7 км3, 2018 жылы – 0,71 км3, 2019 жылы – 0,73 км3, 2020 жылы – 0,75 км3, 2021 жылы – 0,77 км3);  айналымды (2017 жылы – 7,33 км3, 2018 жылы – 7,38 км3, 2019 жылы – 7,46 км3, 2020 жылы – 7,54 км3, 2021 жылы – 7,62 км3);  

7) өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі (2017 жылы – 1 081,0 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 1 150,0 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 1 270,0 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 1 650,0 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 400,0 млн. АҚШ доллары);  

8) суаруға арналған су шығысы (2017 жылы – 8 608 текше м/га, 2018 жылы – 8 223 текше м/га, 2019 жылы – 7 873 текше м/га, 2020 жылы – 7 548 текше м/га, 2021 жылы – 7 348 текше м/га);

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Мемлекеттік бағдарламаны 2017 – 2021 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 2 947,1 млрд. теңгені (РБ – 1 829,5 млрд. теңге*,

ЖБ – 849,9 млрд. теңге*, басқа көздер – 267,8 млрд. теңге) құрайды, оның ішінде:  

2017 жылы:  

барлығы – 372,7 млрд. теңге;  

РБ – 232,5 млрд. теңге;  

ЖБ –140,2 млрд. теңге;  

2018 жылы:  

барлығы – 454,4 млрд. теңге;  

РБ – 262 млрд. теңге;  

ЖБ – 150,1 млрд. теңге;  

басқа көздер – 42,3 млрд. теңге;  

2019 жылы:  

барлығы – 507,6 млрд. теңге;  

РБ – 2 90,6 млрд. теңге;  

ЖБ – 156,7 млрд. теңге;  

басқа көздер – 60,2 млрд. теңге;  

2020 жылы:  

барлығы – 745,6 млрд. теңге;  

РБ – 468,4 млрд. теңге;  

ЖБ – 200,6 млрд. теңге;  

басқа көздер – 76,5 млрд. теңге;  

2021 жылы:  

барлығы – 866,8 млрд. теңге;  

РБ – 576,0 млрд. теңге;  

ЖБ – 202,1 млрд. теңге;  

басқа көздер – 88,6 млрд. теңге

* сомалар инвестициялық бағдарламалар, АӨК-мен аралас кіші бағдарламалар және өңірлердегі АӨК-ні дамыту бағдарламалары негізінде тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
** Мемлекеттік бағдарламаның нәтижелер көрсеткіштерін орындау тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдерінен айқындалатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешендегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын экономиканың маңызды секторының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) АӨК одан әрі даму перспективасы бар: өткізу нарықтары, егістіктер, суармалы егіншілікті дамыту перспективасы бар, май, ет секторларының экспорттық позициялары күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан аса қысқа мерзімде әлемдегі ең ірі экспорттаушы елдердің қатарына кірді.
2-бөлімнің екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.01.2020 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) мүшелігі мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілікке жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты АӨК-ні мемлекеттік реттеудің рөлі аса маңызды.
Полная версия
ИС BestProfi