Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қазанда № 17551 болып тіркелді
Редакция 04.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Тізбенің 3-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті _______________________ 2018 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (16.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесінде:
Үшінші және төртінші абзацтары осы қаулының 5 тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
64 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік құқық бұзушылық істерін және санкциялар қолдану мәселелері жөніндегі құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, хат алмасу) |
5 жыл |
5 жыл |
|
».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. «Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларында:
«Банк кепілдігін немесе кепілгерлігін беруге борышкер тұлғаның өтінішін банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында белгіленген тәртіппен қарастырады.»;
«2) тапсырмасы бойынша банк банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;»;
«2) тапсырмасы бойынша банк банктік қарсы кепілдігін берген заңды тұлға борышкердің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (03.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

