Близость слов: Окончание:





 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 690 қаулысы
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 26 қазандағы
№ 690 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларында:
«2-тарау. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру тәртібі»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өтінішхаты:
2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.
7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.».  
2. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:
«Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.»;
«2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі»;
«6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Конкурс үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), үшінші – ұлттық.
9. Жергілікті атқарушы органдар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың (бұдан әрі – Комиссия) жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссия құрады, сондай-ақ ол туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық (қалалық) конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде төрт қатысушының (жанұяның) құжаттарын, өздерінің аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген шешімдерін облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияға жолдайды.  
15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік жанұяны іріктейді, қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруден өткізеді және облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада конкурс жеңімпаздары анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өздерінің шешімдерін ұсынылған құжаттармен бірге «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беретін комиссияға (бұдан әрі – атақ беру жөніндегі комиссия) жолдайды.»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:»;
«17. Атақ беру жөніндегі комиссия облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарастырғаннан кейін 10 күн ішінде іріктеу туралы бағдарламалар циклін әзірлеу үшін, сондай-ақ лауреат атағын беру бойынша үміткер-отбасылар туралы материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.»;
«3-тарау. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері».  
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 865 Қаулысымен (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 315-құжат):
«2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».  
5. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 606 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 316-құжат):
«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.».  
6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 625-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларында:
«2-тарау. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі»;
«12. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.».  
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2020 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi