Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17694 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Энергетика министрлігінің 02.11.2021 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының  
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының  
Инвестициялар және даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi