Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11360 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 06.05.2020 жылғы № 34/қе Бұйрығына сәйкес 
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (08.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 17.07.2017 жылғы № 50нс Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
8) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
1-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын; 
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н. Әбіқаев 
«Келісілді» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
Ә. Исекешев 
2015 жылғы 12 мамыр 
«Келісілді» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
Е. Досаев 
2015 жылғы 8 мамыр 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
8-қосымша
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап – 15 жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
техникалық мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіби білімінің барлығын растайтын құжаттарының электрондық көшірмелерін - жеке тұлғалар үшін;
өтініш берушінің штатында техникалық мамандығы бар жоғары немесе орта кәсіби білімді маманның(дардың) барлығын растайтын құжаттарының электрондық көшірмелерін - заңды тұлғалар үшін;
қызмет алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) жөніндегі қызметпен айналысу үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігі туралы электрондық мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы желтоқсандағы № 104/қе бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17973 тіркелген) Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларына және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша алуға болады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.
«Ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын өткізуге (оның
ішінде өзгеше беруге) рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
 ________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын (керегін көрсету) Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
 Басшы ______________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын өткізуге (оның
ішінде өзгеше беруге) рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
 ________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын (керегін көрсету) Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
 Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
 ______________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын өткізуге (оның
ішінде өзгеше беруге) лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) жөніндегі қызметпен айналысу үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер нысаны
 1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/куәліктің нөмірі және берілген күні) 2. Техникалық мамандығы бойынша жоғары немесе орта кәсіби білім бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат __________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ ________________________________________________________________________________ диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының атауын көрсету) Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________ ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
 Электрондық пошта __________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Полная версия
ИС BestProfi