«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын 1),«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша» тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2020
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18916 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының цифрылық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ________________А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығына 1–қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есепті тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Полная версия