Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19893 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған ) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңмен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
5) жайылымдарды пайдаланушы – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
6) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына арналған жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен молығуы сақталатындай жағдайда пайдалану;
7) веб-порталдағы жайылымның нөмірі – веб-порталда жайылым учаскесіне берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;