«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 19927 болып тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
1-тармақтың 2)-19) тармақшалары осы Қаулының 10-тармағына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтердің есебінен инвестициялық портфельдің құрылымы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға, туынды қаржы құралдарына қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары шеңберінде басқаруға қабылданған активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы№ 11 Қаулысына сәйкес (20.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес «кері репо», репо операциялары туралы есептің нысаны;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.01.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес инвестициялық қордың (инвестициялық портфельдің) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
Полная версия