Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022
«Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20193 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес 
1. «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6681 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 12 қаңтарда №7-8 (26428-26429 болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 496 бұйрығымен бекітілген
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;
Полная версия
ИС BestProfi