Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы
  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 наурызда № 22309 болып тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 3, 4, 14, 18 және 19-қосымшалардың қолданысы 2021 жылғы 30 маусымға дейін, қоса алғанда, тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде:
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
14-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
18-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
19-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
3. «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептілік тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 11-қосымшаның қолданысы 2021 жылғы 31 наурызға дейін, қоса алғанда, тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл қосымша осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
4. «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19672 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 26-қосымшаның қолданысы 2021 жылғы 30 маусымға дейін, қоса алғанда, тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін
5. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 223 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19701 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-қосымшаның 3, 4, 5 және 6-кестелерінің қолданысы 2021 жылғы 30 маусымға дейін, қоса алғанда тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы кестелер осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
6. Қаржы нарығы статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 7-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
7. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Ә.Р. Адамбаева) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi