Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысы
Редакция 18.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 268 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі»;
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)»;
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрі», «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі» деген жолдар алып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi