Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 616 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 616 Қаулысына сәйкес (22.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)
1) бейбіт уақытта – Қарулы Күштердің Бас штабы;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Полная версия

