Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді
Редакция 12.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (02.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 30.12.2021 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (10.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (16.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (11.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2023 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (11.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2023 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін қолданысқа енгізіледі)
2-1) осы бұйрықтың 2-2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 09.02.2024 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықтың 2-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдарда ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.
1-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.03.2023 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.01.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (27.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) осы бұйрықтың 2-3-қосымшасына сәйкес ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 09.02.2024 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
2-1-қосымша
Осы Бұйрық 2-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 27.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.03.2023 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін қолданысқа енгізіледі)
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi