Близость слов: Окончание:





Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37505 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау жəне
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 80 қаулысымен
бекітілді
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, тiзбесiн, кезеңділiгі мен оны ұсыну мерзімін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептілік Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның орналасқан жері бойынша) Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесінде есептілікті жүктеу кезінде нысанішілік және нысанаралық бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік және нысанаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда ақпараттық жүйе есептілікті қабылдамайды.
4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер есепті күнге «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) 2-тармағында көзделген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым клиентінің және (немесе) контрагентінің резиденттігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi