Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 Қаулысы       
Редакция 15.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 276 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.10.2009 № 1654 Қаулысымен. (26.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат): 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын."; 
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.01.2009 № 45 Қаулысымен (20.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысымен (23.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.04.2016 жылы № 77 (28805) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысымен (27.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 27.06.2012 № 859 Қаулысымен (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.12.2009 № 2319 Қаулысымен (23.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 276 қаулысына
 1-қосымша
1-қосымшаның күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.10.2009 № 1654 Қаулысымен. (26.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 наурыздағы
 N 276 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 15 желтоқсандағы
 N 1324 қаулысымен
 бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі:
бөлім бастығының орынбасары бөлімде (бастықты қоса алғанда) кемінде 7 бірлік болғанда;
Басқарма бастығының орынбасары басқармада (бастықты қоса алғанда) кемінде 15 бірлік болғанда. Басқарма бастығы орынбасарының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi