Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы      
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001 № 514 қаулысымен.
Редакция 12.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.    
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
 N 1428 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ЕРЕЖЕ
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001 № 514 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi – iссапар) қызметкердiң орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану үшін белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2005 № 783, 25 (17.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз).03.2008 № 283 Қаулыларымен.(01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 657 қаулысымен (16.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жеке еңбек шарты (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығы) негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
1-1. Мемлекеттік органдар өзінің қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін қызмет ерекешелігін ескере отырып дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.
Осы Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 657 қаулысымен (16.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны);
бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi.
3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы анықтайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болмаса) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк болған жағдайда iссапар мерзiмi орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.05.2012 № 630 Қаулысымен. (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 657 қаулысымен (16.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2005 № 146, 16.05.2012 № 630 Қаулыларымен. (18.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
8. Іссапардың бүкiл уақыты бойы іссапарға жiберiлген қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен iссапар уақытында, оның iшiнде, жолда жүру уақытында жалақысы сақталады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерi үшiн сақталады.
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталғанға дейін келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты туралы мәселе әкiмшiлiкпен уағдаластық бойынша шешiледi.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001 № 514, 17.02.2005 № 146, 28.07.2005 № 783, 31.07.2008 № 725, 01.09.2010 № 862, 16.05.2012 № 630 Қаулыларымен.(01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2013 жылғы № 657 қаулысымен (16.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (01.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша
1-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
2-қосымша
2-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (11.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 22 қыркүйектегi
 N 1428 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 607-кұжат). 
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 20-құжат). 
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 65-құжат). 
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 тамыздағы N 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 33, 381-құжат). 
5. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 549-құжат). 
6. "Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 423   қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 189-құжат). 
7. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 35, 383-құжат). 
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi