Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006 жылғы № 557 Қаулысымен (02.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2015 жылғы 299 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2006 жылғы № 557 Қаулысымен (02.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 19 тамыздағы
N 918 қаулысымен
бекiтiлген
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2009 жылғы № 1656 Қаулысымен (11.09.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бөлім. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу
1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Осы бөлім ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың жаңаларын салуға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы) және жұмыс істеп тұрғандарың өзгертуге (қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға арналған жобалардың сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Құрылыс жобаларына мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.
Ереже мемлекеттік кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібіне қолданылмайды.
3. Бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердігерлік жұмыстарға конкурс (тендер) өткізудің тәртібі мен шарттарын (шектеулерін), сондай-ақ құрылыс объектілерінің негізгі техника- экономикалық көрсеткіштерін қамтитын құжаттама;
2) құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік үдерістері, пайдалану сипаттамалары бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіретін, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуінің бұзылу қаупін туғызатын объектілер;
3) техникалық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобалары - мақсаты мен жауапкершілік деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық жағынан күрделілер қатарына жатқызылған ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы.
Полная версия
ИС BestProfi