"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2016
Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2010 жылғы № 1347 Қаулысымен (14.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 333 Қаулысымен (16.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2010 жылғы № 1347 Қаулысымен (14.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1173 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысымен бекітілген
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары
Тақырыпта және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 13.12.2010 жылғы № 1347 Қаулысымен (14.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.10.2007 жылғы № 938 Қаулысымен (20.03.2007 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.09.2009 жылғы № 1370 Қаулысымен (12.10.2007 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2010 жылғы № 1347 Қаулысымен (14.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2011 жылғы № 1067 Қаулысымен (13.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 333 Қаулысымен (16.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2013 жылғы № 1124 Қаулысымен (11.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1173 Қаулысымен (21.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар):
1) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларын, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн (бұдан әрi - нормативтiк құқықтық актiлер) мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiн, мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбiн;
2) мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық актiлерге қойылатын талаптарды;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi;
4) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбiн;
5) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудi;
6) тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттiк құпияларды қамтитын актiлердi қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеу қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы сауалдарын орталық органдар, олардың ведомстволары және жергiлiктi органдар мұндай сауал түскен кезден бастап екi апта iшiнде орындайды.
Полная версия