Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 948 Қаулысы       
Редакция 11.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 15 қазандағы
 N 948 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1239 Қаулысымен. (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.05.2016 жылғы № 265 Қаулысымен (20.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.05.2010 № 453 Қаулысымен. (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 419 Қаулысына сәйкес (03.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. "Қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 274-ө өкімінде: 
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев                      - Қазақстан Республикасы 
Өмірзақ Естайұлы              Премьер-Министрінің 
                              орынбасары, жетекші

Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасының 
Бақыт Тұрлыханұлы             Экономика және бюджеттік 
                              жоспарлау министрі, 
                              жетекшінің орынбасары

Сапарбаев                   - Қазақстан Республикасының 
Бердібек Машбекұлы            Еңбек және халықты әлеуметтік 
                              қорғау министрі

Ақшолақов                   - Қазақстан Республикасының 
Болат Оралұлы                 Энергетика және минералдық 
                              ресурстар вице-министрі

Мырзабеков                  - "Маркетингтік-талдамалық 
Жанат Ғайноллаұлы             зерттеулер орталығы" акционерлік 
                              қоғамы Стратегиялық талдау 
                              департаментінің директоры 
                              (келісім бойынша);

      мына:

"Үртембаев                  - Қазақстан қаржыгерлері 
Асқар Қалмұхаметұлы           қауымдастығы кеңесі 
                              төрағасының кеңесшісі 
                              (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Үртембаев                  - Қазақстан қаржыгерлері 
Асқар Қалмұхаметұлы           қауымдастығының басқарушы 
                              директоры, Заң департаментінің 
                              директоры (келісім бойынша)";
көрсетілген кұрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы шығарылсын; 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының "қызып кету" себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін."; 
3-тармақтағы "- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке" деген сөздер»"Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 15 қазандағы
 N 948 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. "Хьюстон бастамасы" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 9 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1120 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 109-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
6. "Қазақстан-американ кәсіпкерлікті дамыту әріптестігі жобасын ("Хьюстон бастамасы") іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 112-ө өкімі.
Полная версия
ИС BestProfi