"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Балық аулау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-04/148 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Балық аулау ережесi
Жалпы ережелер
1. Осы Балық аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде жеке және заңды тұлғалардың балық аулауын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін регламенттейді.
2. Осы Ереженің қолданысы балық және басқа су жануарларын жасанды өсіруге қолданылатын су айдындарына және (немесе) учаскелеріне таралмайды.
3. Осы Ереженің мақсаты үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) деп түсініледі.
4. Балық аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау.
5. Балық аулау Жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды ескере отырып уәкілетті орган белгілейтін Пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес аулау құралдарының тізбесіне енгізілген аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 64 қаулысымен (14.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Балықтың кәсіпшілік мөлшері (аузы жабық кезде) тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенеді және осы ереженің қосымшасына сәйкес белгіленеді. Шаяндардың кәсіпшілік мөлшері көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшеумен айқындалады.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 64 қаулысымен (14.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Сирек және құрып кету қаупі төнген әрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық және басқа су жануарлары аулау құралдарына түсіп қалған жағдайларда дереу тірі күйінде суға жіберілуі тиіс, ал олардың аулау құралына түсу фактісі кәсіпшілік журналына тіркелуі тиіс.
Көрсетілген балықтар түрлерінің және басқа су жануарларының өлі немесе шалажансар (тіршілік етуге қабілетсіз) күйде ауға түсіп қалуы жеке актіде және кәсіпшілік журналдарда тіркеледі.
Полная версия