«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 367 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормалары бекітілсін.
2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі – Нормалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді.
2. Осы нормалар азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдығына қолданылады және ұлттық стандарттарды, азаматтық ӘК техникалық тапсырмалары мен техникалық шарттарын әзірлеген кезде міндетті болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Нормалардың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін конструкциялау, өндіру, сынау, сертификаттау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау белгіленген тәртіппен сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолайлы деп таниды.
2. Негізгі анықтамалар
5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ұшу жарамдылығы нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық әуе кемесінің конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына, азаматтық әуе кемесінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қойылатын талаптар;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) әуе кемесі – жер (су) бетінен қайтарылған ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
4) тапсырыс беруші – азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, азаматтық авиация ұйымдары;
Полная версия