Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2014
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 25.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 12.03.2014 жылғы № 229 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 жылғы № 231 Қаулысымен (29.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2011 жылғы № 231 Қаулысымен (29.10.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) "Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру";
2) "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңіз» жүзу кемелерiн мемлекеттiк тiркеу";
3) "Жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде жалға алынған ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңіз» жүзу кемелерiн мемлекеттiк тiркеу";
5) «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару»;
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 507 Қаулысымен (05.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.06.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен
бекітілген
"Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.09.2012 жылғы № 1153 Қаулысымен (04.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары»  республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) баламасыз негiзде осы стандартқа 1 және  2-қосымшалар көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына (бұдан әрi – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
Полная версия
ИС BestProfi