Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 13.02.2015 жылғы № 89 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды.
1) жабдық тобы - жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
2) жабдықтың кіші тобы – тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;
5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың, оның тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;
6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;
7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;
8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;
14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;
16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
1) 50 МВт дейін және одан жоғары қуатымен, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;
3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп және алдағы жылға арналған осындай іс-шаралардың тізбесі. Есеп еркін нысанда беріледі;
5) белгіленген қуатына қарамастан, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған қуаты 50 МВт дейін және одан көп жылу электр станциялары бойынша, оның ішінде энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығымен келісу.
5. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган ұсынылған материалдарды келіседі немесе құжаттар осы Ереженің 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.
6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсыныстар негізінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
10. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледi.
12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты (мысалы: Т-120/130-130; Т-80/100-130; ПТ-30/40-29), бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамсыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.
16. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келуі тиіс: техникалық, маусымдық, уақытша.
Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.
3) сыртқы тұтынушыларға жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәнінің сәйкестігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметiнің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;
4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу жуне электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және бекітілген тәртіппен жабдықтардың нормативтік сипатамалары бойынша көрсеткіштерді есептеу үшін қажет басқалары.
Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
18. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған, оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.
Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60 ч 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.
Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.