Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 13.02.2015 жылғы № 89 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 маусымдағы
 № 757 қаулысымен
 бекітілген
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже
1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жабдық тобы - жаңарған будың бiрдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;
2) жабдықтың кіші тобы – тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;
3) электр станциясының белгіленген қуаты – генерацияланатын электр станциясының, оның қуатын шектеуді шегере отырып белгіленген мәнi;
4) жылу электр станциясының белгіленген электр қуатын шектеу - белгіленген қуатты еріксіз толық пайдаланбау мәні;
5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу – агрегаттың, оның тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;
6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;
7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;
8) жылу электр станциясы – отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;
9) қуаттың күтiлетiн шектеулерi - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуі;
10) қуатты шектеудің жылдық орташа мәні – қуатты шектеудің айлар бойынша орташа арифметикалық мәні;
11) номиналды қуат – осы жабдық үшін жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгіленген қуат;
12) сараптама ұйымы – заңнамада белгіленген тәртіппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты – техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;
15) электр станциясының жұмыс қуаты – жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;
16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
17) экологиялық шектеулер – табиғиғатты қорғау іс-шараларын өткiзу себебінен белгіленген қуаттың азайтылуы.
3. Жылу электр станциялары электр қуатын шектеуді келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды бередi:
1) 50 МВт дейін және одан жоғары қуатымен, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша - осы Ережеге  1 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;
2) энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша;
3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп және алдағы жылға арналған осындай іс-шаралардың тізбесі. Есеп еркін нысанда беріледі;
4) сараптама ұйымның берген энергетикалық сараптаманың актісі;
5) белгіленген қуатына қарамастан, энергияның көтерме сауда нарығына шықпаған қуаты 50 МВт дейін және одан көп жылу электр станциялары бойынша, оның ішінде энергияның көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығымен келісу.
4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
5. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган ұсынылған материалдарды келіседі немесе құжаттар осы Ереженің 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеуді қысқарту үшін мынадай іс-шаралар орындалады:
1) күрделі жөндеу жүргізу кезінде станцияның тиімді жұмысын арттыруға бағыталған іс-шаралар орындалады;
2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшін тиімді жылу алмасу аппараттары қолданылады;
3) күл- қож шығару мен түтін газын тазалаудың тиімді жүйесі қолданылады;
4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етіледі.
8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсыныстар негізінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
9. Электр қуатын қысқарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
10. Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы ұйымға хабарлайды.
11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескiсін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледi.
12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.
13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты (мысалы: Т-120/130-130; Т-80/100-130; ПТ-30/40-29), бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамсыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.
14. Есептер өткен жылы электр қуатын шектеу орын алған және алдағы жылы электр қуатын шектеу күтілетін жылу электр станциялары бойынша жүргiзiледi;
1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке топ бөлігі бойынша;
2) алдағы жылдың әрбiр айына және орташа есеппен жылға есептеледі.
16. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келуі тиіс: техникалық, маусымдық, уақытша.
Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулердi бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.
17. Қуатты шектеу есептері мынадай жағдайларда орындалады:
1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;
2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудің болмауы;
3) сыртқы тұтынушыларға жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәнінің сәйкестігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметiнің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;
4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;
5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу жуне электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және бекітілген тәртіппен жабдықтардың нормативтік сипатамалары бойынша көрсеткіштерді есептеу үшін қажет басқалары.
Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.
18. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған, оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.
Жылу электр станцияларының электр
 қуатын шектеуді және оларды қысқарту
 жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
 туралы ережеге
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станцияcының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды
 
Жабдық тобының атауы Код
толық қысқартылған
ЖЭС бойынша барлығы ЖЭС барлығы 97
Қуаты:

500 500 блок 3
300 300К блоктар 4
200 200К блоктар 7
150 150К блоктар 8
МВт конденсациялы энергиялық блоктар

Буды іріктеу реттеуіші бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт:

300 300Т блоктары 54
200 200Т блоктары 57
150 150Т блоктары 58
КЭС 90 кгс/см2 КЭС-90 11
ЖЭО 240 кгс/см2 ЖЭО-240 5
ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатусыз ЖЭО-130 10
ЖЭО 130 кгс/ см2 өнд.қатты қайнатумен ЖЭО-130ПП 59
ЖЭО 90 кгс/ см2 ЖЭО-90 12
Бу-газды қондырғылар БГҚ 16
Газ-турбиналы қондырғылар ГТҚ 17
Өзге де жабдықтар* Өзге 21
Қолданыстағы ЖЭС-ті іске қосу қазандықтары ІҚҚ 18
Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар ПСҚҚ 20
Ескертпе: шетелдiк фирмалардың жабдығы будың 60 ч 120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.
Жылу электр станцияларының электр
 қуатын шектеуді және оларды қысқарту
 жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
 туралы ережеге
 2-қосымша
Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды
 
Қуатты шектеудің себебі Шектеулер себептерінің коды
техникалық маусымдық уақытша
1 2 3 4
Қуатты жиынтықты шектеу 100 200 300
Жобасыз отын, сапасы төмен отын

301
Есептi қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары 102

Қазандықтардың құрылымдық ақауылары 103

Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылымдық ақаулары 104

Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткіліксіз номиналды өнімділігі 105

Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

306
Газды ауа трактысының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

307
Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

308
Будың төмендетілген параметрлерімен бу жеткізушілердің, турбина жұмыстарының техникалық қанағаттанарлықсыз жай-күйі

309
Қазандықтардың жеткiлiксiз номиналды бу өнімділігі 110

Турбоагрегаттардың құрылымдық ақаулары 111

Турбиналардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

312
Күректі аппараттың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

313
Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

314
Регенерациялау жүйесiндегі қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

315
Есептiк ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы 116

ПТН-ның жеткіліксіз номиналды берілуі 117

ПТН-нің қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

318
Р типіндегі турбиналарда жылу жүктемелерiнiң болмауы 120

Р типіндегі турбиналарда жылулық жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі
221 321
Жаман вакууммен жұмыс iстейтiн турбиналардың жылулық жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі
222 322
Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі (жоғары конденсациялық өндiру)
223 323
Жылуды тұтыну режимімен байланысты өзге себептер
224 324
Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерiнiң жеткіліксіздігі (құрылымдық ерекшелiктер) 125 225 325
Жылуды тұтынудың артуы
231
Реттелмейтiн сұрыптаудан жылу беру
232
Репродуктивті-салқындату құрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы


333
Жоба бойынша градирен санының жеткіліксіздігі 141 241 341
Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткiлiксiздігі 142


Градиреннің қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

343
Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

344
Конденсаторлардың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

345
Гидросуытқыштардың жеткiлiксiз суытылуына байланысты өзге де себептер 146 246 346
Конденсаторға кірерде суытқыш су температурасының артуы
247

Тоған-суытқыштардың жеткiлiксiз салқындату қабiлеттiлiгi 148 248 348
ГТУ бойынша шектеулер 149 249 349
ПГУ бойынша шектеулер 150 250 350
Генератор қуатының жобалық сәйкессiздiгi 151


Iлеспе компенсатордың режиміндегі турбогенератордың жұмысы

352
Жүйеаралық электр байланыстарының жеткiлiксiз өткiзу қабiлетi (жабылған қуат)

353
Генератордың қанағаттанарсыз техникалық жағдайы

354
Қайта енгізілген агрегаттарды игеруді нормативтік мерзім кезінде шектеу

355
Жылу беру өнімділігінің жеткiлiксiздігі 161


Қазандықтарда және қосалқы- қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшіліктері

362
Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерінде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшіліктері

363
Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлері)

364
Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткiлiксiз жобалық өнiмдiлiгi (суды химиялық тазарту, түтiн құбыры, күл үйiндiлері) 165

Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс-монтаждау кемшіліктері

366
Ауа бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу

370
Су бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу

371
Жіктеуішке кiрмеген өзге де себептер 172 272 372
Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, гидроэлектростанцияда (ГЭС) су ресурстарының жетіспеушілігі
226
Құйылудың және су қоймасының жұмыс істеуінің төмендігіне байланысты су ресурстарының жетіспеушілігі
227
Су қоймасынан суды тастау режимі бойынша шектеу
228
Төменгі бьефті жоғарғы тіреу
229
Гидроэлектростанция (ГЭС) плотинасының дайын болмауы


367
Жүктелу қабілетін ескеріп, турбиналардың жұмысы 180

Жылу электр станцияларының электр
 қуатын шектеуді және оларды қысқарту
 жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі
 туралы ережеге
 3-қосымша
КЕЛІСІЛДІ                               КЕЛІСІЛДІ  ___________________ басшысы      ҚР Индустрия және жаңа технологиялар  сараптама ұйымның атауы          министрлігі
 __________ ______________       ___________________________        қолы Т.А.Ә.                  қолы       Т. А.Ә.
20__жылғы қуаты 50 МВт және одан жоғары __________________ ЖЭС аты жылу электр станциялары қуатына күтiлетiн шектеулер
 
Көрсеткіш Жабдық тобының коды Жобалық отын түрінің коды Энергия блогының нөмірі Жол коды Шектеу себебінің коды Айлар бойынша көрсеткіштің мәні (МВт)
I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII Жылдық орташа
Белгіленген қуаты

















Қолда бар қуаты

















Шектеулі қуаты

















Оның ішінде себептер бойынша

















ЖЭС басшысы ________________________ ____________________                      қолы                   тегі, А.Ә.
Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.
Полная версия
ИС BestProfi