Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 206 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Қоса беріліп отырған Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 24 қаңтардағы
 N 51 қаулысымен
 бекітiлген
Ірi көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелеріне, Көлiк құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілерiне сәйкес әзiрлендi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Ереже автокөлік құралының көлемі мен салмағын ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінен асатын жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2009 жылғы № 913 Қаулысымен (24.01.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.08.2011 жылғы № 902 Қаулысымен (16.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.11.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль; 
2) ілесіп жүру автомобилі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөлімшелерінің (бұдан әрі – әкімшілік полиция) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары);
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны – iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2013 жылғы № 1390 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы; 
6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк; 
7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал; 
Полная версия
ИС BestProfi