Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2009
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2600.
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.11.2009 № 640 бұйрығымен. (19.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 19.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
кіріспе өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.11.2007. № 681 Бұйрығымен. (14.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін. 
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.11.2007. № 681 Бұйрығымен. (14.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушы
 2003 жылғы 14 қарашадағы
 "Санитарлық-эпидемиологиялық
 сараптама жүргізу ережесін бекіту
 туралы" N 841 бұйрығымен
 бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесі
1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.11.2007. № 681 Бұйрығымен. (14.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға тіршілік ету ортасының факторларын, шаруашылық және басқа да қызмет, сондай-ақ объектілер теріс әсер етуін зерделеу, бағалау мен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.11.2007. № 681 Бұйрығымен. (14.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Ережелердің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жүрген жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін келуін анықтау мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені; 
2) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат; 
3) құжаттарға сараптама өткізуге тапсырыс беруші - санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырыс беретін,  қаржыландыратын және осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша қажетті құжаттарды ұсынатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар; 
4) ұйымдастырушы - белгіленген тәртіппен орындаушы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырысты іске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары (сараптау органы); 
5) орындаушылар - ұйымдастырушы айқындаған көлемге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама субъектісі мыналар болып табылады: тапсырысшы, ұйымдастырушы және орындаушылар.
Полная версия
ИС BestProfi