«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2015 жылғы № 4-5/280 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
2) өтініш беруші – шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сынау – шитті мақтаның бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
4) шитті мақта партиясы – сапасы туралы бір ілеспе құжатпен ресімделген бір селекциялық және өндірістік сорттағы, түрдегі және сыныптағы шитті мақтаның саны;
5) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік – шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына және (немесе) шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
Полная версия